Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85429 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36149 адам, ауылдық елді – мекендерде 49280 адам тұрады.
2023 жылдың 1 сәуірге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2023 жылдың 1 сәуірге болжамдалған 1 млрд. 754 млн. 554 мың теңгенің орнына 2 млрд. 613 мың. теңгеге немесе 114,0 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1 млрд 17 млн. 986 мың. теңгенің орнына 1 млрд. 264 млн. 44 мың теңге болып 124,2 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 сәуірге жалпы
1 млрд. 360 млн. 398 мың теңгеге жоспарланды. 3 айдың қорытындысымен 1 млрд. 359 млн. 636 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 3 айында 14 млрд. 757 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2022 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,0 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 5 млрд 694 млн. теңгеге жетіп, 121,5 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
7 млрд. 231 млн теңгені құрады немесе 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 есені құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 726 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,6 есені құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 15409 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99,9 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 2 млрд. 736 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,7 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 2 млрд. 973 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,7 пайызды құрады.
Мал шаруашылығы
2023 жылдың 1 сәуірге ірі қара 80261 басты, уақ мал 120264 басты, жылқы 25498 басты, түйе 1606 басты, құс 32250 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 109,1 уақ мал 107,3, жылқы 109,5 түйе 100 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2023 жылдың 1 сәуірге ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 7071 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 134,8 пайызға артты. (жеке кәсіпкер-4394, шаруа қожалық-2115, заңды тұлға-562) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 6857-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,9 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36432 экономикалық белсенді халықтың 34621 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1801 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.
2023 жылы 3096 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 1291 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 41,6 пайызға орындалды.