Шиелі ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Шиелі ауданы жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалаудың

әдістемесін бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 
5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16қаңтардағы №13 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
  2. Аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімдігінің
    «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      

 

Аудан әкімі                                                                                  Н. Ахатов

Дата публикации
10 апреля 2023