Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың №4 үлгілік бағыты аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасына сәйкес «Шиелі ауданы әкімдігінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімімен өткізілген шаралары бойынша
Өткізілген орны: Шиелі аудан әкімдігінің мәжіліс залы
.
Хаттама жасалған күні 15 наурыз 2023 жыл
Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен жүйелі профилактикалық жұмыстар» тақырыбы бойынша оқыту шарасы ұйымдастырылды. Құқықтық оқытуға мекеме басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Кездесуде Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Азамат Мыңбаев Амантайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұдайы бақылауда ұстау қажеттігін айтты.
Осыған қоса, Тұрар Баянәліұлы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болатындығын, яғни «Мемлекеттік құпияларды сақтау» заңнамасына сәйкес мәлімет берген тұлға жайындағы ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы жалған ақппаратты хабарлаған адамдар заңға сәйкес жауапты болатындығын назарға салды.
Жиынды қортындылай келе, Әдеп жөніндегі уәкіл А. Мыңбаев мемлекеттік қызметшілерге тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында тиісті жұмыстарды ұдайы түрде, бірлесе отырып атқаруға шақырды.
Мемлекеттік-құқықтық
жұмыстар бөлімінің басшысы Т. Мусаханов