Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен өткізілген кездесудің
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген орны: Шиелі аудан әкімі аппаратының мәжіліс залы
Өткізілген уақыты: 2023 жылғы 2 сәуір, сағат 11:00
Төрағалық еткен: Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Мынбаев
Қатысушы контингент: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер
Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл А.Мынбаевтың төреғалығымен мемлкеттік мекемелерде жүргізілген ішкі талдау нәтижелерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді.
2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік мекемелерде жүргізілген ішкі талдау нәтижелерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жүргізді.
Кездесу барысында №4 ҮББ негізгі ережелері мен міндеттері ішкі талдаулар жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, НҚА жобаларындағы сыбайлас жемқорлық факторларын азайту, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін басшылардың жауапкершілігіне мониторинг жүргізу, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілерін анықтау болып тыбылатындығы жөнінде атап өтті.
Әдеп жөніндегі уәкіл А.Мынбаев мемлекеттік қызметшілерге салалар бойынша сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, тәуекелдердің алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдап, ішкіталдау жұмыстарын сапалы жүргізу қажет екендігі жөнінде атап өтті.
Сонымен қатар, жиын соныңда мемлекеттік қызметшілер тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Төраға А.Мынбаев
Хатшы М.Абитбаева