«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабы 1-1-тармағына сәйкес және Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 наурыздағы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланатын Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары негізінде Шиелі аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған кандидаттарға және дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес тізім бойынша кандидаттарға сайлау жарнасы қайтарылсын.
- Осы қаулының орындалуы Шиелі аудандық сайлау комиссиясының сарапшысы Г.Рантаеваға және келісім бойынша Шиелі ауданы әкімі аппаратының бухгалтерлік есеп және құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау және есеп бөліміне (А.Иманбердиева) жүктелсін.
- Осы қаулы Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын және Шиелі аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізілсін.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Э.Бурабаева
29.03.2023 ж.
АСК-03/174