«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 7) тармақшасына, 16-1, 26-1 және 37-баптарына, «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 27 ақпандағы №50/736 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: