Шиелі ауданының ауылдық округтеріндегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасын бекіту туралы

Жоба 

Шиелі ауданының ауылдық округтеріндегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау)

схемасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес
Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шиелі ауданының Ақмая, Бәйтерек, Тұран, Жуантөбе, Бестам, Керделі, Жиделіарық, Иіркөл, Жаңатұрмыс, Талаптан, Бәйгеқұм, Ақтоған және Телікөл ауылдық округтеріндегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасы осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

               Шиелі ауданының әкімі                                                                                                          Н. Ахатов

Дата публикации
16 января 2023