Шиелі аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпараты

Шиелі аудандық  мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің

2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпараты

 

2022 жылы аудан әкімдігіне қарасты тапрсырыс берушілермен тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жоспарланған жалпы қаржы              4 млрд. 787,2 млн. теңгені құраған. Оның ішінде:

Конкурс тәсілімен 3 млрд. 439,0 млн. теңге.

Әлеуметтік тапсырыс тәсілмен 46,4 млн. теңге.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен 837,6 млн. теңге.

Тауар биржасы тәсілімен 35,1 млн. теңге.

Тікелей бір көзден алу тәсілімен 423,6 млн. теңге.

Электрондық дүкен тәсілімен 5,5 млн теңге.

2022 жыл аудан әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарына сәйкес 224 сатып алу конкурсы өткізілген. (жалпы сомасы 3 млрд. 168,7 млн.) 

Оның ішінде:

-9 (499,1 млн.) - облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен;

-189 (2 548 млн.) - аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімімен;

-26 (121,6 млн.) - тапсырыс берушілермен дербес ұйымдастырылған.

Мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс тәсілімен жарияланған 129 сатып алу рәсімі аяқталып, 1 млрд. 428,3 млн. теңгенің жеңімпаздары анықталып, тиісті шарттар жасалған. Сатып алу рәсімдерінен үнемделген қаржы 270 млн. теңгені құрап отыр.

2023 жылға арналған жобалар бойынша 56 конкурс жарияланды.

-"Ауыл Ел-бесігі" бағдарламасы бойынша 441,4 млн. теңгеге 36 конкурс (жұмыстарына 436,8 млн. теңгеге 18, техникалық қадағалау қызметіне 4,6 млн. теңгеге 18);

-2023 жылға өтпелі нысандар абаттандыру, санитарлық тазалық, көше жарығын күтіп ұстау жұмыстары бойынша 183,9 млн. теңгеге 14 конкурс (жұмыстарына 178,1 млн. теңгеге 7, техникалық қадағалау қызметіне 5,8 млн. теңгеге 7); 

-Бензин, дизель отыны, телефон байланыс және интернетке қол жеткізуді негіздемелік келісім тәсілімен сатып алу бойынша 89,7 млн. теңгеге 4 конкурс.

Дата публикации
13 января 2023