Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Шиелі аудандық  мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Шиелі аудандық  сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №АСК-03/157 «Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі тиісті бір мандаттық аумақтық сайлау округтеріндегі 15 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
  2. Осы қаулы Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін Шиелі аудандық мәслихатқа жолдансын.
  3. Осы қаулы Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                  М.Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                  Э.Бурабаева

 

29.12.2022 ж

АСК-03/158

Дата публикации
30 декабря 2022