САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылы 16 қазанда Шиелі ауданында Талаптан ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округ әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамасының нәтижесінде анықтады:
Талаптан ауылдық округінің әкімін сайлауға:
Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 2150 азамат бар, олардың 1765-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 22, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 0.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Ә.И.Алдабергенов – 30; Х.Ә.Қойшыбаев – 36; Х.А.Тәжиев – 1677.
Дауыс беру нәтижесімен Талаптан ауылдық округінің әкімі болып сайланған Тәжиев Хайдар Абдуллаханұлы, 1986 жылы туылған, қазақ, «Талаптан ауылдық округі әкімі аппараты» КММ, жетекші маман, «AMANAT» партиясының мүшесі, Шиелі ауданы, Талаптан ауылдық округі, Балаби ауылында тұрады.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы