Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2022 жылы 4 қыркүйекте Шиелі кенті және Сұлутөбе, Тартоғай, Жуантөбе ауылдық округтері бойынша ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өткізілді.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының нәтижелерін анықтады:
Шиелі кенті әкімін сайлау:
Кент бойынша сайлаушылар тізімінде 22293 азамат бар, олардың 16178-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны –63, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 189.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны: А.Ш.Өмірәлі – 145543; А.А.Сейдеметов – 1383.
Сұлутөбе ауылдық округінің әкімін сайлау:
Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 1617 азамат бар, олардың 1355-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 24, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 50.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны: М.У.Кажданбек – 1178; Т.Ә.Рахметова – 103.
Тартоғай ауылдық округінің әкімін сайлау:
Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 1206 азамат бар, олардың 702-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 61, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 4.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны: А.Ж.Ахметов – 525; Д.И.Сүйіндік – 98; А.Н.Үсенғазин – 14.
Жуантөбе ауылдық округінің әкімін сайлау:
Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 1932 азамат бар, олардың 1387-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 0, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 0.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны: А.Г.Есимов – 729; Н.Е.Сәдуақасаов – 658.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы