2022 жылғы 4 қыркүйекте өткізілген Шиелі кенті және Сұлутөбе, Тартоғай, Жуантөбе ауылдық округтері әкімдерін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

2022 жылғы 4 қыркүйекте өткізілген

 Шиелі кенті және Сұлутөбе, Тартоғай,

 Жуантөбе ауылдық округтері әкімдерін

 сайлаудың қорытындыларын анықтау

 және жариялау туралы

 

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының   14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2022 жылғы 4 қыркүйекте өткізілген Шиелі кенті және Сұлутөбе, Тартоғай, Жуантөбе ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Кент және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өтті деп танылсын;
  2. Кент және ауылдық округтерінің әкімдері сайланған болып есептелсін:

Шиелі кенті әкіміне – Өмірәл Амангелді Шералыұлы;

Сұлутөбе ауылдық округіне – Маматов Кажданбек Өгізбайұлы;

Тартоғай ауылдық округіне – Ахметов Ақылбек Жүрсінұлы;

Жуантөбе ауылдық округіне – Есімов Азамат Ғаниұлы.

 

  1. 2022 жылғы 4 қыркүйекте өткізілген кент және ауылдық округтер әкімдерін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыға қосымшаға сай жариялансын.

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                        М. Дулатов 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                        Э. Бурабаева 

05.09.2022 ж

АСК-03/127

Дата публикации
05 сентября 2022