Шиелі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

ЖОБА

Шиелі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының  27-бабы 1-тармағына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 50 «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп – қарау негізінде Шиелі ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6072 болып тіркелген);

2) Шиелі ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 19 наурыздағы  
№ 140 «Шиелі ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6244 болып тіркелген).

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік етуші Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шиелі ауданының әкімі                                                                  Н. Ахатов

Дата публикации
19 декабря 2022