Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына аудандық бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы мен «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына белгіленген түзету коэффициенттері ескеріле отырып, аудандық бюджет қаражаты есебінен, ынталандыру үстемеақылары келесідей мөлшерінде:

1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық айлықақыларының
20,0 пайыздық мөлшерінде;

2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық айлықақыларының
15,0 пайыздық мөлшерінде белгіленсін.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихатының хатшысы                                           Т. Жағыпбаров

Дата публикации
12 декабря 2022