«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 97892 болып тіркелген) қаулысына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйым жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары айқындалсын.
- «Шиелі ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданының әкімі Н. Ахатов