Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама 

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85016 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36130 адам, ауылдық елді – мекендерде 48886 адам тұрады.

2022 жылдың 1 қарашаға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2022 жылдың 1 қарашаға болжамдалған 18 млрд. 138 млн. 170 мың теңгенің орнына 19 млрд. 54 млн. 185 мың. теңгеге немесе 105,1 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған  2 млрд. 666 млн. 904 мың. теңгенің орнына 3 млрд. 582 млн. 418 мың теңге болып 134,3  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 қарашаға жалпы
18 млрд. 404 млн. 150 мың теңгеге жоспарланды. 10 айдың қорытындысымен 18 млрд. 327 млн. 195 мың теңгеге немесе 99,6 пайызға орындалды.  

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 10 айында 59 млрд. 592 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2021 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 113,8 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 29 млрд 785 млн. теңгеге жетіп, 100,7 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
19 млрд. 240 млн теңгені құрады немесе 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 141,8 пайызды құрады.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 7 млрд. 144 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 170,2 пайызды құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 55253 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 8 млрд. 226 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,0 пайызды құрады. 

Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 36 млрд. 999 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 102,2  пайызды  құрады.

2022 жылдың 1 қарашаға тірілей салмақта 4404,0 тонна ет, 17279,8 тонна сүт, 2476,9 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 101,3 пайызға, сүт 101,5 пайызға, жұмыртқа 103,0 пайызға  орындалған

 Мал шаруашылығы

         2022 жылдың 1 қарашаға  ірі қара 89253 басты, уақ мал 128539 басты, жылқы 22956 басты, түйе 1656 басты, құс 30315 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 120,3 уақ мал 115,7, жылқы 111,2, түйе 101,6  пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2022 жылдың 1 қарашаға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6300 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 117,5 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-3661, шаруа қожалық-2071, заңды тұлға-568) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  6003-ты құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 95,3 % -ға жетті.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша халық саны 85 016. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 153, жұмыспен қамтылған адам 34 352. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 889, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 16 463 адам.

Жұмыссыздық деңгей (1 801 адам) 5,0 пайызды құрады.

Ағымдағы жылы ауданда 3 623 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 10 айдың қорытындысымен 2 739 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 75,6 пайызға орындалды. Жыл аяғына дейін жоспардан толық шығу мүмкіндігіміз бар.

Дата публикации
16 ноября 2022