Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қазандағы №845 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қазандағы №845 қаулысы

«Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларында:

17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Сайлау құқығын іске асыру және азаматты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекенжайындағы ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                          Ә. Смайылов

Дата публикации
01 ноября 2022