Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85099 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36497 адам, ауылдық елді – мекендерде 48602 адам тұрады.
2022 жылдың 1 қазанға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2022 жылдың 1 қазанға болжамдалған 15 млрд. 887 млн. 465 мың теңгенің орнына 16 млрд. 955 млн. 115 мың. теңгеге немесе 106,7 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 2 млрд. 248 млн. 977 мың. теңгенің орнына 3 млрд. 175 млн. 579 мың теңге болып 147,5 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 қазанға жалпы
16 млрд. 179 млн. 94 мың теңгеге жоспарланды. 9 айдың қорытындысымен 16 млрд. 175 млн. 637 мың теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 9 айында 53 млрд. 268 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2021 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 111,4 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 27 млрд 139 млн. теңгеге жетіп, 103,0 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
16 млрд. 520 млн теңгені құрады немесе 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 148,6 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 5 млрд. 725 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 162,9 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 48991 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,7 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 7 млрд. 297 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,0 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 29 млрд. 423 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 102,5 пайызды құрады.
2022 жылдың 1 қазанға тірілей салмақта 3911,6 тонна ет, 15229,8 тонна сүт, 2197,6 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 101,4 пайызға, сүт 101,5 пайызға, жұмыртқа 103,4 пайызға орындалған
Мал шаруашылығы
2022 жылдың 1 қазанға ірі қара 89237 басты, уақ мал 131167 басты, жылқы 23145 басты, түйе 1656 басты, құс 30315 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 120,4 уақ мал 115,8, жылқы 111,6, түйе 101,6 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2022 жылдың 1 қазанға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6145 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 113,6 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-3533, шаруа қожалық-2050, заңды тұлға-562) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 5845-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 95,1 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 85 099. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 153, жұмыспен қамтылған адам 34 352. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 889, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 16 463 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 801 адам) 5,0 пайызды құрады.
Ағымдағы жылы ауданда 3 623 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 9 айдың қорытындысымен 2 532 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 68,3 пайызға орындалды. Жыл аяғына дейін жоспардан толық шығу мүмкіндігіміз бар.