2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Талаптан ауылдық округі әкімін сайлаудағы кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2022 жылғы 30 қыркүйек күні, сағат 18:00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Талаптан ауылдық округі әкіміне  барлығы 3 кандидат, өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

 Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды  тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2022 жылғы 5 қазан, сағат 18:00-де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.

Дата публикации
03 октября 2022