Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Талаптан ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9 тармағына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:
2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған сайлауда Талаптан ауылдық округ әкіміне кандидат болып тіркелді:
Алдабергенов Әбдіғалым Имантайұлы – 1969 жылы туылған, қазақ, "Шиелі кенті әкімінің аппараты" КММ, әкімшілік жұмыс және бақылау бөлімінің бас маманы, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған, партияда жоқ.
Қойшыбаев Хамид Әбілқасымұлы – 1977 жылы туылған, қазақ, «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, шаруашылық есебін жүргізу және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі бас маман, Шиелі ауданы, Бидайкөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Тәжиев Хайдар Абдуллаханұлы – 1986 жылы туылған, қазақ, «Талаптан ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, салық жинауды есепке алу жөніндегі жетекші маман, Шиелі ауданы, Балаби ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.