Талаптан ауылдық округінің әкіміне кандидат болып түсу бойынша ақпараттық хабарлама

2022 жылғы 20 қыркүйекте Шиелі аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:

Талаптан ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – Алдабергенов Әбдіғалым Имантайұлы және Қойшыбаев Хамид Әбілқасымұлы

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылдың 17 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін сағат 18-00ге дейін жүзеге асырылады.

Дата публикации
20 сентября 2022