Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85099 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36497 адам, ауылдық елді – мекендерде 48602 адам тұрады.
2022 жылдың 1 қыркүйекке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2022 жылдың 1 қыркүйекке болжамдалған 13 млрд. 854 млн. 564 мың теңгенің орнына 15 млрд. 69 млн. 357 мың. теңгеге немесе 108,8 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1 млрд. 868 млн. 478 мың. теңгенің орнына 3 млрд. 84 млн. 723 мың теңге болып 165,1 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 қыркүйекке жалпы
14 млрд. 206 млн. 134 мың теңгеге жоспарланды. 8 айдың қорытындысымен 14 млрд. 197 млн. 877 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 8 айында 46 млрд. 966 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2021 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 108,3 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 24 млрд 389 млн. теңгеге жетіп, 105,3 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
12 млрд. 106 млн теңгені құрады немесе 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 142,0 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 795 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 159,6 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 41494 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,0 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 5 млрд. 789 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 10 млрд. 659 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,9 пайызды құрады.
2022 жылдың 1 қыркүйекке тірілей салмақта 3344,0 тонна ет, 12956,5 тонна сүт, 1916,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 101,7 пайызға, сүт 101,4 пайызға, жұмыртқа 103,9 пайызға орындалған
Мал шаруашылығы
2022 жылдың 1 қыркүйекке ірі қара 89553 басты, уақ мал 133640 басты, жылқы 23481 басты, түйе 1656 басты, құс 30315 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 120,1 уақ мал 114,7, жылқы 111,0, түйе 101,6 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2022 жылдың 1 қыркүйекке ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 5747 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-3289, шаруа қожалық-1896, заңды тұлға-562) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 5434-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 94,6 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36153 экономикалық белсенді халықтың 34352 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1801 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.
2022 жылы 3623 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 2175 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 60 пайызға орындалды.