Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі      №АСК-03/132 қаулысымен Талаптан ауылдық округі әкімінің сайлауы жөніндегі осы ауылдық округтің шекарасында сайлау округі құрылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағы мен 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасының және 2-тармағының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №АСК-03/133 қаулысымен Талаптан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы      16 қазанға (жексенбі) тағайындалды.

Талаптан ауылдық округі әкімінің  сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 17 қыркүйектен басталады және 2022 жылғы  30 қыркүйекте, сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2022 жылғы  5 қазанда, сағат 18.00-де аяқталады.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №3, Бұдабай Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдениет үйінің ғимараты, байланыс телефоны: 4-32-30, электронды поштасы shieli.sailau@mail.kz.

        Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы:

Дулатов Молдабай Оразбекович – комиссия төрағасы

Палымбет Найла Әбілқасымқызы – комиссия төрағасының орынбасары

Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – комиссия хатшысы

                         Комиссия мүшелері:

Ермағамбетов Садық

Ахметов Әбдішәки Ауланбергенұлы

Бупежанов Талгат Уалиханович

Кенжесариев Серик Кадрияевич

Дата публикации
19 сентября 2022