Талаптан ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

Талаптан ауылдық округі әкімін

сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6 тармақшасына сәйкес және 21-бабының 4-тармағының, 22-бабының негіздерінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Талаптан ауылдық округі шекарасында Талаптан ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын.
  2. Құрылған сайлау округінің тізімі, олардың шекарасы мен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.

 

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                       М. Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                       Э. Бурабаева

 

16.09.2022 ж. 

АСК-03/132

Дата публикации
16 сентября 2022