Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылдың 12 қарашадағы №14/2 «Шиелі ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Шиелі аудандық мәслихатының «Шиелі ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылдың 12 қарашадағы №14/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25321 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шиелі ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |