07.09.2022 ж №34-қ
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы
үшін алып қоюға байланысты жер
учаскесін немесе өзгеде жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың
басталуы туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 26, 84-баптарын,
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес
Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меншік иесінен Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округінен жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында
көлемі – 500 гектар жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айының
07-күні болып белгіленсін.
- «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету жұмыстары жүктелсін.
- «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде атқарушы органның интернет-ресурстарын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жұмыстары жүктелсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі
№11 мекенжайда орналасқан «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Апетовке жүктелсін.
Аудан әкімі Н. Ахатов