Құрметті сайт оқырмандары!
Шиелі ауданының 2022-2024 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
Сіздердің назарларыңызға аудан бюджетінің негізгі көрсеткіштері, бюджеттік қаражатты қалыптастыру және жұмсау бағыттары туралы ақпараттан тұратын Шиелі ауданының 2022-2024 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылады.
Шиелі ауданының «2022–2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №17/2 шешімімен бекітілді.
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады:
Аудан бюджетінің негізгі параметрлері;
Аудан бюджетінің түсімдері;
Аудан бюджетінің шығыстары.
Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 39 елді мекенде барлығы 85099 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 36497 адам, ауылдық елді – мекендерде 48602 адам тұрады.
2022 жылдың 1 тамызға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2022 жылдың 1 тамызға болжамдалған 12 млрд. 26 млн. 490 мың теңгенің орнына 12 млрд. 924 млн. 282 мың. теңгеге немесе 107,5 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1 млрд. 460 млн. 901 мың. теңгенің орнына 2 млрд. 573 млн. 340 мың теңге болып 176,1 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 тамызға жалпы
12 млрд. 317 млн. 181 мың теңгеге жоспарланды. 7 айдың қорытындысымен 12 млрд. 188 млн. 450 мың теңгеге немесе 99,0 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 7 айында 40 млрд. 394 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2021 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 108,6 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 21 млрд 206 млн. теңгеге жетіп, 107,2 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
8 млрд. 587 млн теңгені құрады немесе 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,2 пайызды құрады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 4 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 142,6 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 36464 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,8 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 4 млрд. 772 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 7 млрд. 222 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 101,7 пайызды құрады.
2022 жылдың 1 тамызға тірілей салмақта 29939,7 тонна ет, 11104,6 тонна сүт, 1642,8 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 101,8 пайызға, сүт 101,3 пайызға, жұмыртқа 104,6 пайызға орындалған.
Мал шаруашылығы
2022 жылдың 1 тамызға ірі қара 89509 басты, уақ мал 136320 басты, жылқы 23775 басты, түйе 1656 басты, құс 31918 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 120,1 уақ мал 114,4, жылқы 110,9, түйе 101,6 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2022 жылдың 1 тамызға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 5564 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 101,6 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-3126, шаруа қожалық-1876, заңды тұлға-562) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 5265-ды құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 94,6 % -ға жетті.
Әлеуметтік сала.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес 36153 экономикалық белсенді халықтың 34352 адамы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны 1801 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.
2022 жылы 2704 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімге 1775 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 65,5 пайызға орындалды.
2022 жылғы базалық мөлшерлемелер:
жалақының ең төмен мөлшері – 60 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері (теңге) - 19 450 тенге;
зейнетақының ең төмен мөлшері – 46 302 теңге;
жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (теңге) – 3 063 теңге;
базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36018 теңге.(Қызылорда облысы үшін)
2022-2024 жылдарға арналған Шиелі ауданы бюджетінің негізгі параметрлері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
мың теңге
|
|
Атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
|
болжам |
болжам |
болжам |
|
Түсімдер оның ішінде: |
22819117,5 |
17915535 |
18087800 |
|
1. Кірістер, оның ішінде: |
3417323 |
2342836 |
2365364 |
|
Салықтық түсімдер |
3273564 |
2265772 |
2287559 |
|
Салықтық емес түсiмдер |
121759 |
22984 |
23205 |
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер |
22 000 |
54080 |
54600 |
|
Трансферттердің түсімдері, оның ішінде: |
19401794,5 |
15572699 |
15722436 |
|
Субвенция |
14973749 |
15572699 |
15722436 |
|
Жоғарғы бюджеттен нысаналы трансферттер түсімдері |
4428045,5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Шығыстар |
23616769 |
17915535 |
18087800 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
2424098 |
397748 |
401573 |
|
Қорғаныс |
9987 |
10434 |
10535 |
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
43685 |
23400 |
26588 |
|
Бiлiм беру |
0 |
0 |
0 |
|
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету |
3068864 |
691732 |
698383 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
165098 |
- |
- |
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк |
849782 |
517437 |
522412 |
|
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану
|
269490,3 |
- |
|
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
117047 |
92577 |
93467 |
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі |
79553 |
31689 |
31994 |
|
Көлiк және коммуникация |
504777 |
32165 |
32474 |
|
Басқалар |
725050,1 |
10400 |
10500 |
|
Борышқа қызмет көрсету |
109959 |
- |
- |
|
Трансферттер |
15249379,5 |
16105018 |
16259874 |
Шиелі ауданының 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджетінің параметрлері 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексі негізінде әзірленді.
Кірістер
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет Кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеттің кірістерін болжамдау кезінде 2020, 2021 жылдардағы бюджет кірістерінің орындалуы, үстіміздегі жылдың жет 3 ай мерзімінде нақты түскен түсімдердің бағалануы және уәкілетті органдардың мәліметтері ескерілген.
|
Корпорациялық табыс салығы 100 мың теңге, Төлем көзінен салық салынатын |
100000 |
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді:
2022 жыл – 3 417 323 мың теңге;
2023 жыл – 2 342 836 мың теңге;
2024 жыл – 2 365 364 мың теңге;
Сонымен қатар облыстық бюджеттен түсетін жалпы сипаттағы трансферттердің (субвенция) көлемі 2022 жылға 14 973 749 мың теңге, 2023 жылға 15 572 699 мың теңге, 2024 жылға 15 722 436 мың теңге болып жобалануда.
Аудан бюджеті барлық түсімдерді жалпы сипаттағы трансферттерді
(субвенция) қоса есептегенде 2022 жылға 19 995 505 мың теңге, 2023 жылға 17 915 535 мың теңге, 2024 жылға 18 087 800 мың теңгеге бекітілді.
Шығыстар
Аудан бюджетінің шығындарында облыстық және республикалық бюджеттен нысаналы трансферттері ағымдағы және даму болып бөлінген.
Трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер және нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді.
Барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджетті жоспарлау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен келтірілген негізгі әлеуметтік индикаторларымен жүргізілген.
Аудандық бюджеттің жалпы шығындар көлемі 2022 жылға 23 616 769 мың теңге, 2023 жылға 17 915 535 мың теңге, 2024 жылға 18 087 800 мың теңгеге жоспарлануда.
2022 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен бөлінген
ағымдағы нысаналы трансферттер
|
Атауы
|
Сомасы, мың теңге |
|
Барлығы |
632578,4 |
|
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға бір реттік әлеуметтік көмек төлеу |
31400 |
|
Өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсету |
38100 |
|
Туберкулез ауруының қолдаушы фазасында емделіп жүрген науқастарға әлеуметтік көмек көрсету |
22789 |
|
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға әлеуметтік көмек көрсету |
559 |
|
Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту |
43603 |
|
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту |
4230 |
|
I топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін жеке көмекшілердің қызмет ақысы |
47001 |
|
Жалақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысын ұлғайту |
0 |
|
"Ұзынқұдық" Қосаман, Далақұдық шекара бөлімшесін ауыз сумен қамтамасыз етуге су тұщытқыш қондырғы жинау, жеткізу және іске қосу 14000*3=42000 |
42000 |
|
суландыру қондырғыларын құжаттандыруға |
5612 |
|
«Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, Алғабас ауылына жеткізуші газ құбыры және кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы» (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде) |
118791,2 |
|
«Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылдық округі, Ақмая ауылындағы тұрғын үй секторын және жылыту қуат көздерін табиғи газға ауыстыру» (Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде) |
125434,1 |
|
Аудандық маңызы бар "Самара-Шымкент-Жуантөбе" Жуантөбе елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолын күрделі жөндеу |
150000 |
|
Қызылорда облысы Шиелі ауданының Шиелі кентіндегі №45 мектептің қазандығын газды отынға ауыстыра отырып реконструкциялау |
3059,1 |
2022 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер
|
Атауы
|
Сомасы, мың теңге |
|
Барлығы |
2247674 |
|
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге |
740684 |
|
ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға |
50153 |
|
на предоставление государственных грантов на реализацию новых бизнес-идей |
538554 |
|
Мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелер, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдары, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге |
155364 |
|
Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі |
75879 |
|
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға |
2750 |
|
Шиелі ауданы Бестам ауылындағы Ы.Алтынсарин, М.Әуезов көшелерін орташа жөндеу |
14216 |
|
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бестам ауылындағы ұзындығы 2 шақырым Абуов көшесін орташа жөндеу |
19634 |
|
Шиелі ауданы Бестам ауылындағы А. Кұнанбаев, С. Төлебаев, Тәуелсіздік, Абай тұйығы көшелерін орташа жөндеу |
68146 |
|
Шиелі ауданы Н. Бекежанов аулындағы Ж. Ақмолдаев, О. Бодықов, М. Қалдыбаев, А. Иманов, Досымбаев, Құлтаев, А. Құнанбаев, Жансариев, Н. Бекежанов, Н. Көкиев, М. Әуезов, А. Иманқұлов, А. Бекқожаев, О. Ақпанбетов, Б. Смайлов, Ж. Төлімбетов-17053 метр көшелерін орташа жөндеу |
323256 |
|
Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар |
259038 |
|
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Көкшоқы шағын ауданындағы И.Абдукаримов көшесі 13-а спорт кешені ашық алаңына күрделі жөндеу. |
87179 |
|
Аудандық маңызы бар "Самара-Шымкент-Жуантөбе" Жуантөбе елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолын күрделі жөндеу |
250917 |
|
|
|
2022 жылға арналған аудан бюджетіне облыстық бюджеттен қаралған нысаналы даму трансферттері
|
Атауы
|
Сомасы, мың теңге |
|
Барлығы |
551523 |
|
Қызылорда облысы Шиелі ауданының Шиелі кентіндегі № 45 мектептің қазандығын газды отынға ауыстыра отырып реконструкциялау (даму транс) |
27532 |
|
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінде салынатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы" жұмыс жобасы (даму транс) |
523991 |
“2022–2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы”
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, 2021-2025 жылдарға арналған Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік параметрлеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары негізінде әзірленді.
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет түсімдерінің болжамы бюджеттің түсімдерін болжамдау әдісімен, өңірдің орта мерзімді әлеуметтік экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштері негізінде, ҚР Салық, Бюджет Кодекстеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес болжамдалған.
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеттің кірістерін болжамдау кезінде 2020, 2021 жылдардағы бюджет кірістерінің орындалуы, үстіміздегі жылдың тоғыз ай мерзімінде нақты түскен түсімдердің бағалануы және уәкілетті органдардың мәліметтері ескерілген.
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) төмендегідей көлемде белгіленді:
2022 жыл – 2 217 323 мың теңге;
2023 жыл – 2 342 836 мың теңге;
2024 жыл – 2 365 364 мың теңге;
Сонымен қатар облыстық бюджеттен түсетін жалпы сипаттағы трансферттердің (субвенция) көлемі 2022 жылға 14 973 749 мың теңге, 2023 жылға 15 572 699 мың теңге, 2024 жылға 15 722 436 мың теңге болып жобалануда.
Аудан бюджеті барлық түсімдерді жалпы сипаттағы трансферттерді
(субвенция) қоса есептегенде 2022 жылға 19 995 505 мың теңге, 2023 жылға 17 915 535 мың теңге, 2024 жылға 18 087 800 мың теңгеге болжамдалды.
Барлық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджетті жоспарлау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен келтірілген негізгі әлеуметтік индикаторларымен жүргізілген.
Аудандық бюджеттің жалпы шығындар көлемі 2022 жылға 19 995 505 мың теңгеге, 2023 жылға 17 915 535 мың теңгеге, 2023 жылға 18 087 800 мың теңгеге жоспарлануда.
Функционалдық топтар бойынша шығындар құрамы мен бағыттары төмендегідей.
1.«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет» функционалдық тобы;
Құрамында жергілікті өкілді орган аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімі аппараты, ауданның қаржы бөлімі, мемлекеттік сатып алу бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризмді дамыту бөлімі, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімдерінің шығындары қаралған.
Аудандық маслихат аппараты:
«Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 62749 мың теңге;
2023 жылы – 61514 мың теңге;
2024 жылы – 62410 мың теңге;
Осы шығындар аппарат қызметкерлерін ұстауға бағытталады.
Аудан әкімі аппараты:
«Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 239489 мың теңге;
2023 жылы – 29393 мың теңге;
2024 жылы – 29675 мың теңге;
Аппараттың еңбекақы мен салық төлемдері, коммуналдық, байланыс және т.б шығындарына бағытталады.
«Ауданның (облыстық маңызы бар қала) бюджетін орындау және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 39135 мың теңге;
2023 жылы – 43587 мың теңге;
2024 жылы – 44007 мың теңге;
«Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы - 420 мың теңге;
2023 жылы - 417 мың теңге;
2024 жылы - 417 мың теңге;
«Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 25577 мың теңге;
2023 жылы - 17853 мың теңге;
2024 жылы - 18024 мың теңге;
Ауданның мемлекеттік сатып алу бөлімінің ұстау шығындарына бағытталады.
«Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 63099 мың теңге;
2023 жылы - 44130 мың теңге;
2024 жылы - 44555 мың теңге;
Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ұстау шығындарына бағытталады.
«Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 37267 мың теңге;
2023 жылы – 22548 мың теңге;
2024 жылы – 22765 мың теңге;
Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің еңбекақы мен салық төлемдері, коммуналдық, байланыс және т.б шығындарын өтеуге бағытталады.
«Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті және туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 24908 мың теңге;
2023 жылы – 16374 мың теңге;
2024 жылы – 16531 мың теңге;
Ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің еңбекақы мен салық төлемдері, коммуналдық, байланыс және т.б шығындарына бағытталады.
«Жергілікті деңгейде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 99503 мың теңге;
2023 жылы – 79459 мың теңге;
2024 жылы – 80223 мың теңге;
Ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімінің еңбекақы мен салық төлемдері, коммуналдық, байланыс және т.б шығындарына бағытталады.
«Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы -345 мың теңге;
2023 жылы -339 мың теңге:
2024 жылы – 342 мың теңге:
«Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдай-лардың алдын алу және оларды жою» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 436 мың теңге;
2023 жылы – 436 мың теңге;
2024 жылы – 436 мың теңге;
«Аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шаралар» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 6836 мың теңге;
2023 жылы - 6317 мың теңге;
2024 жылы - 6378 мың теңге;
Аталған қаражат Тартоғай елді мекенінде өрт сөндіру бекетін құруға бағытталады.
«Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қастамасыз ету» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 23400 мың теңге;
2023 жылы – 26335 мың теңге;
2024 жылы – 26588 мың теңге;
(көшелерге жол белгілерін орнатуға)
6.«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалдық тобы;
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметі әлеуметтік көмек көрсетуге және әлеуметтік төлемдерді уақытылы төлеуге бағытталады. Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу.
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 1065521 мың теңге;
2023 жылы – 167314 мың теңге;
2024 жылы – 168923 мың теңге;
«Жұмыспен қамту бағдарламасы» бойынша
2022 жылы – 675637 мың теңге;
2023 жылы – 194112 мың теңге;
2024 жылы – 195978 мың теңге;
«Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша:
2023 жылы – 60762 мың теңге;
2024 жылы – 59128 мың теңге;
2024 жылы – 59697 мың теңге;
(4 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде отын сатып алуға бір жолғы көмек )
«Тұрғын үй көмегі» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 21402 мың теңге;
2023 жылы – 2478 мың теңге;
2024 жылы – 2502 мың теңге;
«1999 жылдың 26 шілдесінде «Отан», «Данқ» ордендерiмен марапатталған, «Халык Қаһарманы» атағын және республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды әлеуметтiк қолдау» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 333 мың теңге;
2023 жылы – 9706 мың теңге;
2024 жылы –140 мың теңге;
(1,9 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын төленеді)
«Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 9706 мың теңге;
2022 жылы – 7365 мың теңге;
2024 жылы – 7436 мың теңге;
(айына 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді)
«Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтiк көмек» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 107791 мың теңге;
2023 жылы – 14872 мың теңге;
2024 жылы – 15015 мың теңге;
(Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлері мен Семей, Чернобыль апаттарына қатысушыларға бір жолғы әлеуметтік көмек)
«Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 255239 мың теңге;
2023 жылы – 89507 мың теңге;
2024 жылы – 90367 мың теңге;
(Әлеуметтік қызметкердің еңбекақысы мен салық төлемдері)
«Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 137700 мың теңге;
2023 жылы – 104802 мың теңге;
2024 жылы – 105809 мың теңге;
(Ауданда 815 мүмкіндігі шектеулі азаматтар гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі)
«Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 89195 мың теңге;
2023 жылы – 47713 мың теңге;
2024 жылы – 48171 мың теңге;
Бұл шығындар орталықтың еңбекақы мен салық төлемдері, коммуналдық, байланыс және т.б шығындарын өтеуге бағытталады.
«Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 2344 мың теңге;
2023 жылы – 2280 мың теңге;
2024 жылы – 2313 мың теңге;
Аталған шығындар банктік қызметке бағытталады.
Күш көрсету немесе күш көрсету қаупі салдарынан қйын жағдайларға тап болған тәуекелдер тобындағы адамдарға қызметтер
2022 жылы – 1798 мың теңге;
2023 жылы – 1837 мың теңге;
2024 жылы – 1834 мың теңге;
қйын жағдайларға тап болған тұрмыстық зорлық зомбылыққа
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту
2022 жылға -53393 мың теңге;
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өмір сүру сапасын жақсарту
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру бойынша
2022 жылы – 1010 мың теңге;
8.«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы;
Аудандық мәдениет саласының қызметі рухани байлықты дамыту, адамдардың мәдени деңгейін және өнерін арттыруға жағдай жасауға бағытталады.
«Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 157946 мың теңге;
2023 жылы – 126996 мың теңге;
2024 жылы – 128218 мың теңге;
Осы бағдарламаны іске асырудағы міндеттер тұрғындардың рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, мәдениет пен өнер саласында әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге, ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттауға, мәдени-демалыс мекемелерінің тұрақты қызметін ұйымдастыру және мәдениеттің заман талабына сай дамуын қамтамасыз етуге бағытталады.
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету
2022 жылы – 7560 мың теңге;
Сұлутөбе ауылдық округіндегі тарихи мәдени ескерткішті күрделі жөндеуге
«Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 24579 мың теңге;
2023 жылы – 17695 мың теңге;
2024 жылы – 17866 мың теңге;
Ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімнің еңбекақы мен салық төлемдері, коммуналдық, байланыс және т.б шығындарын өтеуге бағытталады.
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
2022 жылы – 5000 мың теңге;
Орталық стадионды күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге
«Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 152855 мың теңге;
2023 жылы – 133929 мың теңге;
2024 жылы – 135217 мың теңге;
Елді мекендерде спорт түрлері бойынша жаттықтырушылардың ұстау шығындары.
«Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізу » бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 1000 мың теңге;
2023 жылы – 1839 мың теңге;
2024 жылы – 1856 мың теңге;
«Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 2000 мың теңге;
2023 жылы – 5268 мың теңге;
2024 жылы – 5318 мың теңге;
Спорт клубының ұстау шығындары мен спортшыларды спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысу шығындары қаралған.
Спорт объектілерін дамыту
2022 жылы – 2000 мың теңге;
«Ауданда кітапханалардың жұмыс істеуі» бағдарламасы бойынша:
2021 жылы – 187772 мың теңге;
2022 жылы – 133800 мың теңге;
2023 жылы – 135217 мың теңге;
«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша;
2022 жылы – 903 мың теңге;
2023 жылы – 969 мың теңге;
2024 жылы – 979 мың теңге;
«Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 18279 мың теңге;
2023 жылы – 17474 мың теңге;
2024 жылы – 17462 мың теңге;
Бағдарламаның міндеттері облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өкілді және атқарушы органдар жүргізетін саясатты информациялық қамтамасыз етуге бағытталады.
«Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мем-лекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 44759 мың теңге;
2023 жылы – 23606 мың теңге;
2024 жылы – 23833 мың теңге;
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің еңбекақы мен салық төлемдері, коммуналдық, байланыс және т.б шығындарын өтеуге бағытталады.
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
2022 жылы – 350 мың теңге;
Кәрімбаев көшесіндегі кітапхананы мем сараптамасын алуға.
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
2022 жылы – 5451 мың теңге;
Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер
2022 жылы – 111194 мың теңге;
«Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 56290 мың теңге;
2023 жылы – 36953 мың теңге;
2024 жылы – 37309 мың теңге;
Ауданның ішкі саясат бөлімінің еңбекақы мен салық төлемдері, коммуналдық, байланыс және т.б шығындарын өтеуге бағытталады.
«Мемлекеттік органның күрделі шығыстары » бағдарламасы бойынша
2022 жылы – 42132 мың теңге;
Ішкі саясат бөлімінің теңгеріміндегі ғимаратты күрделі жөндеуге.
«Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 24551 мың теңге;
2023 жылы – 18907 мың теңге;
2024 жылы – 19089 мың теңге;
Бағдарламаның міндеттері жастар үшін әлеуметтік қызмет жүйесін қалыптастыруға және дамытуға, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға және жастардың еңбекпен қамтылуына ықпал жасауға, жастар арасында қазақстандық отансүйгіштікті дамытуға және азаматтық қалыптасу үшін жағдай жасауға бағытталады.
9.Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану
Жылу-энергетикалық жүйені дамыту
2022 жылы – 1950 мың теңге;
«Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 39029 мың теңге;
2023 жылы – 30776 мың теңге;
2024 жылы – 31072 мың теңге;
Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің еңбекақы мен салық төлемдері, коммуналдық, байланыс және т.б шығындарын өтеуге бағытталады.
«Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 25661 мың теңге;
2023 жылы – 20789 мың теңге;
2024 жылы – 20988 мың теңге;
Ауданның жер қатынастары бөлімінің еңбекақы мен салық төлемдері,
коммуналдық, байланыс және т.б шығындарын өтеуге бағытталады.
Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн
2022 жылы – 5612 мың теңге;
суландыру қондырғыларын құжаттандыруға
«Мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 42949 мың теңге;
2023 жылы – 41012 мың теңге;
2024 жылы – 41407 мың теңге;
(«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мамандарға берілетін көтерме жәрдемақы және белгіленген оператордың көрсеткен операциялық қызметтеріне төленетін төлем қарастырылған)
«Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер » бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 37411 мың теңге;
2023 жылы – 31689 мың теңге;
2024 жылы – 31994 мың теңге;
Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің еңбекақы мен салық төлемдері, коммуналдық, байланыс және т.б шығындарын өтеуге бағытталады.
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
2022 жылы – 21890 мың теңге;
5 үйдің жылу қазандығын күрделі жөндеуге
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 54915 мың теңге;
2023 жылы – 32165 мың теңге;
2024 жылы – 32474 мың теңге;
Бағдарламаның іске асырылуы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, жол бойы қондырғыларын ағымдағы жөндеу, күтіп ұстауға бағытталады.
«Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 23234 мың теңге;
Жергілікті атқарушы органдардың резервіне:
2021 жылы – 10000 мың теңге;
2022 жылы – 10400 мың теңге;
2023 жылы – 10500 мың теңге;
14 «Борышқа қызмет көрсету» функционалдық тобы;
«Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет
көрсету» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 109959 мың теңге;
15 «Трансферттер» функционалдық тобы;
«Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 13942891 мың теңге ( аудан бюджеттерінен білім беру мекемелерін қаржыландыруды толығымен облыстық деңгейге ауыстыруына байланысты облыстық бюджетке қайтарылады)
«Субвенциялар» бағдарламасы бойынша:
2022 жылы – 1067392 мың теңге;
2023 жылы –1662026 мың теңге;
2024 жылы – 1678007 мың теңге;
Аталған қаражат аудандағы кент, 22 ауылдық округ әкімдері аппараттарына қарасты:
- «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»
- «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»
- «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету»
- «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру»
“2022–2024 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы”
2021 жылғы 27 желтоқсандағы Шиелі аудандық мәслихатының №17/2 шешіміне енгізілген өзгерістерге
анықтама
2022 жылға арналған аудан бюджетіне түсіндірме жазба
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109 бабының
1 тармағына сәйкес аудандық бюджетке өзгерістер енгізілуде.
2022 жылға арналған аудандық бюджет корпоративтік табыс салығынан 100 млн теңге,төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 380 млн 145 мың теңге,әлеуметтік салық 300 млн теңге, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық 100 млн теңге, барлығы 880 млн 145 мың теңгеге көбейтілуде.
Сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген барлығы 81 млн 427 мың теңге шегерілуде, Атап айтқанда:
Мәслихат аппаратынан депутаттардың оқуынан 1 млн 31 мың теңге.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтаудан 7 млн 560 мың теңге, мәдениет үйін күрделі жөндеуге жоба сметалық құжаттын әзірлеуден 1 млн 493 мың теңге, барлығы 9 млн 53 мың теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуден
3 млн 313 мың теңге, жолдарды күрделі және орташа жөндеуден 2 млн 439 мың теңге, барлығы 5 млн 752 мың теңге, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен аппарат шығындарынан 5 млн 929 мың теңге, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен теңгерімдегі ғимаратты күрделі жөндеуден 4 млн 316 мың теңге, зорлық зомбылыққа қарсы іс-шарасын өткізуден 1 млн 798 мың теңге, барлығы 6 млн 114 мың теңге, Бестам әкімі аппаратынан Ауыл ел бесігі бағдарламасымен жол жөндеу жұмыстарынының қосымша қаржысынан 3 млн 602 мың теңге, Керделі әкімі аппаратынан Ауыл ел бесігі бағдарламасымен жол жөндеу жұмыстарынының қосымша қаржысынан 29 млн 972 мың теңге, Ақтоған әкім аппаратынан жол жөндеу жұмыстарынан 19 млн 974 мың теңге, төмендегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қайта бағытталуда.
Мәслихат аппаратына қызметтік автокөлікке доңғалақтар сатып алуға 138 мың теңге, мұздатқыш алуға 450 мың теңге, барлығы 588 мың теңге;
Аудан әкімі аппаратына қызметкерлердің еңбекақысына 5 млн 970 мың теңге, әкімшілік ғимаратты ағымдағы жөндеу жұмыстарына 8 млн 863 мың теңге, жиналыстардың онлайн форматта қашықтықтан өткізілуіне байланысты мекемеге ноутбук сатып алуға 580 мың теңге, мәжіліс залына мұздатқыш және ZOOM селекторлық мәжілісіне фотоаппарат сатып алуға 1 млн 975 мың теңге барлығы 17 млн 388 мың теңге;
Аудандық қаржы бөліміне қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге 4 млн 409 мың теңге;
Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке
40 млн теңге, мүгедектердің тасымалына (инватакси) 2 млн 500 мың теңге, 2 штат әдіскер алуға 2 млн 738 мың теңге, ғимаратты ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 млн теңге барлығы 48 млн 238 мың теңге;
Дене шынықтыру және спорт бөліміне Көкшоқы шағын ауданындағы спорт кешені ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын қоса қаржыландыруға 17 млн 769 мың теңге, аудан құрама командаларын республикалық, облыстық жарыстарға қатыстыруға
10 млн теңге, барлығы 27 млн 769 мың теңге;
Құрылыс бөліміне 20 тұрғын үйдің инфрақұрылымының құрылысына 59 млн 713 мың теңге, Шиелі кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қоса қаржыландыруға 55 млн
520 мың теңге, Шиелі кентінің шығыс аймақтарына инфрақұрылымын жүргізуге жоба сметалық құжатын мен мемлекеттік сараптаманың оң қортындысын алуға 10 млн 974 мың теңге, Майлытоғай ауылына жеткізуші газ құбырын және кварттілшілік газ құбырыжелілерінің құрлысының ЖСҚ-н әзірлеуге 23 млн 118 мың теңге, Шиелі ауданында Тәусіздік саябағының құрылысы жұмыс жобасы (25 га) бойынша ЖСҚ-на ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге 1 млн 205 мың теңге барлығы 150 млн 530 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Жуантөбе ауылына кіре беріс 0-6 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмысының материалдар сапасына сараптама жасауға 2 млн теңге, бөлімнің теңгеріміндегі жалға берілген қызметтік 3 тұрғын үйдің қораларын жөндеу жұмыстарына 4 млн 719 мың теңге, Шиелі ауданындағы көппәтерлі 16 тұрғын үйлердің құжаттарын мемлекеттік тіркеу қызметі үшін 3 млн 82 мың теңге, темір жол арқылы автомобиль жолы көпірінің үстінен орнатылған көше жарығының төлем ақысына 750 мың теңге, Қодаманов елді мекеніндегі автомобиль жолындағы көпірді күрделі жөндеу, кешенді сараптамадан өткізуге 500 мың теңге, Шиелі кентіндегі М Зекеев, Бөлтекейұлы көшелерін ауыз сумен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеуге 4 млн 600 мың теңге, Қарғалы елді мекеніндегі Айтуғанов көшесін ауыз сумен қамтуға және су қоймасының ұңғымасын қазу, су мұнарасын орнату, су қоймасы мен ішкі желілерін жүргізу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге
7 млн 319 мың теңге, аудан жолдарына жылдамдығын шектейтін жасанды жол кедергілері мен жол белгілерін орнатуға 8 млн 400 мың теңге, Тұрсынбайдатқа елді мекенінің ауыз су ұңғымасы, су мүнарасы, су қоймасы және ішкі желілердің құрылысын жүргізуге ЖСҚ әзірлеу 5 млн теңге, барлығы 36 млн 367 мың теңге;
Ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығына» теңгерімге ғимарат алуына байланысты 7 штаттық бірлік техникалық персоналдар штатын алуға (қарауыл 3, еден жуушы 1, от жағушы 2, жұмсшы 1) 4 млн 510 мың теңге;
Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне мәдениет үйіне 2 дана кондиционер, 4 дана шатыр алуға 5 млн 592 млн теңге, орталықтандырылған кітапхананың жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты 25 дана орындық, 4 дана стол, 10 дана кітап сөресін, 2 дана мұздатқыш алуға 3 млн 975 мың теңге, кітапхананның жаңа ғимаратына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сары жолақпен көрсету белгісін орнатуға 250 мың теңге, барлығы 9 млн 817 мың теңге;
Жер қатынастар бөліміне қызметкердің еңбек ақысын төлеуге
1 млн 507 мың теңге;
Кент әкімі аппаратына "Сасқұм" полигонын қоршалауға (25 га) 37 млн 882 мың теңге, түнгі жарықтарды күтіп ұстауға 10 млн теңге, Яссауи көшесінің бойына автобус аялдамасын соғуға 1 млн 830 мың теңге, Шиелі кентінің көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнатуға
59 млн 426 мың теңге (А.Құнанбаев тұйығы, Қазыбек би тұйығы, Ж.Аймауытов, Құрманғазы көшесі, Ы.Жақаев тұйығы (№61-65 үйлер аралығы), С.Кәрімбаев тұйығы, Д.Алтынбеков тұйығы (№12-20 үйлер аралығы), Әл-Фараби тұйығы (№25-39 үйлер аралығы), Сұлукөл (Казантаев тұйығы №2) , Алпамышев көшесі, Жаназар батыр көшесі, Қажымұқан көшесі, Есенберлин көшесі, Ж.Молдагалиев көшесі, Боранов көшесі, М. Бөлтекеұлы көшесі, Б.Момышұлы көшесі, Есенбайұлы көшесі, Тоқтыбаев көшесі, Есенгелдиев көшесі, Ермағанбетов көшесі, Жетісу көшесі, Бөлтекейұлы тұйығы, Ковтунов көшесі, Бурабай көшесі, Баянауыл көшесі, Нұрекеев көшесі, А.Омаров көшесі, Желтоқсан көшесі және Өмірбеков көшелеріне), Шиелі кентінің көше жарықтарының төлем ақысына 15 млн теңге, Шиелі кентіндегі иесіз қатты қалдықтарды шығаруға 20 млн теңге. Көшелерін орташа жөндеуге 125 млн 90 мың теңге, (Грп-23 №12-282 м, М. Зекеев аяғы-315 м, Әбдікәрімов тұйығы 362 м, Р. Нұрекеев 530 м, Ермағанбетов-280 м, Есенгелдин-310 м, Есенгелдин-Смайлова-180 м, Әл-Фараби тұйығы-182 м, Смайлов-Тоқтыбаев-310 м, Оразов тұйығы-294 м, Қажымұхан-433 м, Қажымұхан тұйығы-78 м, Есенберлин-445 м,Тоқтаров 427 м, Әл-Фараби мен Ағыбай батыр көшесі аралығы-90 м, көшелерін орташа жөндеуге.), Шиелі кенті көшелерін қайта жаңғырту жұмыстарына жоба сметалық құжат әзірлеуге 20 млн теңге (Абылайхан 500 м, Жахаев 1,12 км, Байтұрсынов 500 м, Бұдабай 700 м, Яссауи 1,842 км, Сейфуллин 0,896 км, М.Шоқай атындағы орталық алаңын қайта жаңғырту), Шиелі кентіндегі темір жол өткелі жолын орташа жөндеу жұмыстарына 22 млн 956 мың теңге (Әль-Фараби-Ш.Бәкіров аралығы 120 м), Каюпов, Бұдабай, Ә.Смайлов көшесіндегі көпірдің үстінен жаяу жүргіншілер жолын салуға 3 млн 439 мың теңге, Р.Бөлебай-491м, Ә.Шорабаев-560м, Р.Бөлебай мен Ә.Шорабаев көшелер аралығы-295м көшелерін орташа жөндеуге 36 млн 188 мың теңге, И.Абдикәримов және Самара-Шымкент бойындағы «Қош келдіңіздер» аркаларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 млн 281 мың теңге, А.Әбдікәрімов көшесін кеңейтуге 41 млн 166 мың теңге, Шиелі кентіндегі жаңадан салынып жатқан спорт кещенінің жолын орташа жөндеу жұмыстарына 32 млн 190 мың теңге (Тәуелсіздік-Д.Смайылов аралығы 1125 м), Көше бағаналарының түптерін сырлау 493 мың теңге (И.Әбдікәрімов 52 бағана, Самара-Шымкент трассасы 130 бағана, Қ.Яссауи-Дәулеткерей 72 бағана), Шиелі кентіне 2 балалар ойын алаңын орнату 30 млн теңге (Қаратаев, Шұғыла мөлтек ауданы), Билборд тұғырларын жаңадан орнату 7 млн теңге (5 дана), Шиелі кентіне ЛЕД Экран орнатуға 40 млн теңге (5 дана), «Рухани жаңғыру» аллеясын жөндеу жұмыстарына 2 млн 500 мың теңге, Кент әкімінің теңгеріміндегі өкілдік үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2 млн теңге, Жахаев Байтұрсынов көшелерінің бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруға 22 млн теңге, аспалы көпірдің айналасын абаттандыруға 23 млн теңге. Тағзым алаңы, рәміздер алаңы, Шиелі төл құжатты, Яссауи көшесі бойындағы аллеяға замманауи үлгідегі жарық бағаналармен шамдарын орнату жұмыстарына 8 млн 437 мың теңге барлығы 570 млн 878 мың теңге;
Ауылдық округтерге трансфарматтор алуға 59 млн 400 мың теңге (2 млн 700 мың теңгеден трансформатторлардың тозығы жетуіне байланысты, жаңадан ауыстыруды қажет етеді),(Ақмая, Алмалы. Ақтоған, Жуантөбе, Керделі, Еңбекші, Жиделіарық, Бестам, Тұран,Телікөл, Байгеқұм. Талаптан, Майлытоғай, Сұлутөбе, Тартоғай, Ортақшыл, Жөлек, Жаңатұрмыс, Иіркөл. Байтерек, Қарғалы, Қоғалы).
Жаңатұрмыс ауылдық округіне көшелердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 20 млн 571 мың теңге (А.Қазыбаев-0,328 км, Т.Нәлібаев-0,537 км);
Талаптан ауылдық округіне Нәзембау-2,6 км көшесін орташа жөндеуге қосымша қаржы 7 млн теңге;
Қоғалы ауылдық округіне қызметтік автокөлікке қосалқы бөлшектер алуға 400 мың теңге;
Жөлек ауылдық округіне қызметтік автокөлікке қосалқы бөлшектер алуға 400 мың теңге;
Бестам, Еңбекші, Жиделіарық, Керделі, Тартоғай, Телікөл ауылдық округтеріне қызметтік автокөлікке қосалқы бөлшектер алуға (300 мың теңгеден) 1 млн 800 мың теңге;
Сонымен қатар бюджеттік бағдарлама әкімілеріне ішінара өзгерістер енгізілуде. Атапа айтқанда:
Құрылыс бөліміндегі 18 пәтерлі 5 үйдің бу қазандығын күрделі жөндеуден 6 млн теңгені шегеріп, бу қазандығын орнату жұмыстарына ауыстыруға;
Қаржы бөлімінен аппарат шығынынан 1 млн 942 мың теңгені шегеріп, салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу бағдарламасына ауыстыру;
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеу бағдарламасынан 4 млн теңгені шегеріп, мәдени-демалыс жұмысын қолдау бағдарламасына ауыстыруға;
Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің тұрғын үйге көмек көрсетуден 5 млн теңгені шегеріп, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бағдарламасына ауыстыруға.