«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына сәйкес және 113-1-бабының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шиелі кенті, Жуантөбе, Тартоғай, Сұлутөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2022 жылғы 4 қыркүйекке тағайындалсын.
- Шиелі кенті, Жуантөбе, Тартоғай, Сұлутөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М. Дулатов
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Э. Бурабаева
05.08.2022 ж.
АСК-03/114