Шиелі кенті, Жуантөбе, Тартоғай, Сұлутөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6 тармақшасына,  21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шиелі кенті, Жуантөбе, Тартоғай, Сұлутөбе ауылдық округтері шекарасында Шиелі кенті, Жуантөбе, Тартоғай, Сұлутөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы жөнінде сайлау округтері құрылсын.
  2. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары және аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, сайлау округі туралы хабар Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын. 

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                                       М. Дулатов 

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                                       Э. Бурабаева

 

05.08.2022 ж. 

АСК-03/113

Дата публикации
05 августа 2022