Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының
28-бабының 6-тармағына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
  2. Шиелі кенті және ауылдық округ әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарықтандырсын.
  3. «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы №1226 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6006 болып тіркелген, 2017 жылдың 16 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
  5. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шиелі ауданының әкімі

 

К. Мубараков

«КЕЛІСІЛДІ»

Шиелi аудандық сайлау

комиссиясымен

13 қаңтар 2020 жыл

Дата публикации
13 июля 2022