ЖОБА
Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы
30 шілдедегі «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» № 57/10 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
7 тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшасымен толықтырылсын:
«3) «Бакалавр» дәрежесін алуға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айдағы жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, атап айтқанда:
мүгедектігі бар балаларға, жетім балаларға, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінде, балалар ауылында тәрбиеленушілерге, ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткер, ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедек болып табылатын балаларға, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар;
табысы аз отбасылардан шыққан балаларға отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда тағайындалады;
әлеуметтік көмек оқу жылының басында төленетін оқу орындары көрсететін білім беру қызметі мөлшерінде және тамақтануға мен тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін 72 (жетпіс екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі біржолғы төлемнен тұрады.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |