2022 жылғы 3 шілдеде өткізілген Алмалы,
Жиделіарық ауылдық округтері әкімдерін сайлаудың
қорытындыларын анықтау және жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2022 жылғы 3 шілдеде өткізілген Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алмалы ауылдық округіне – Әбдікәрімов Өмірхан Әбдікәрімұлы;
Жиделіарық ауылдық округіне – Абилдашев Ерлан Шазатович;
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы М.Дулатов
Шиелі аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Э.Бурабаева
4 шілде, 2022 жыл
№АСК-03/108