2022 жылғы 3 шілде Шиелі ауданының Алмалы, Жиделіарық ауылдық округ әкімдерін сайлау өтті деп танылды.
Сайлау учаскелері бойынша 1773 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, оның 1411-і (79,6%) дауыс беруге қатысты.
Әкімге үміткерлер саны – 5 адам.
2 сайлау округінің барлығында әкімдер сайланды.
Сайланған 2 әкім «AMANAT» партиясынан және өзін өзі ұсынған.
Ауылдық округтердің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хабарламалар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақтарына орналастырылды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.