Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы 

2022 жылы 3 шілдеде Шиелі ауданында Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтері бойынша ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өткізілді.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының нәтижелерін анықтады:

Алмалы ауылдық округінің әкімін сайлауға:

Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 1222 азамат бар, олардың 904-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны –28.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Ө.Ә.Әбдікәрімов – 547;  А.М.Мусабаев – 198; О.Н.Файзуллаев – 113.

Жиделіарық ауылдық округінің әкімін сайлауға:

Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 551 азамат бар, олардың 507-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 3.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Е.Ш.Абилдашев – 462; Ж.Н.Нурильдаев –  36.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45, 113-11 баптарына сәйкес 2022 жылғы 4 шілдедегі АСК-03-03, АСК-03-04 шешімдерімен 2022 жылғы 3 шілдеде сайланған Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтері әкімдерін тіркеді: 

Алмалы ауылдық округінің әкімі болып сайланған Әбдікәрімов Өмірхан Әбдікәрімұлы, 1981 жылы туылған, қазақ, жұмыссыз, Шиелі кентінде тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі,  өзін өзі ұсынған.

Жиделіарық ауылдық округінің әкімі болып сайланған Абилдашев Ерлан Шазатович, 1974 жылы туылған, қазақ, «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Жиделіарық ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Шиелі аудандық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 июля 2022