2022 жылғы 3 шілдеге тағайындалған Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтері әкімін сайлау бойынша дауыс беру күніне дайындық туралы

Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтері әкімін сайлауда дауыс беру а.ж. 3 шілдесінде жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.

Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтері бойынша әкім лауазымына 5 кандидат ұсынылған, 1 кандидат «AMANAT» партиясынан, 4 кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Барлық кандидаттың сәйкестігі анықталып, тіркелді.

Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Ауылдық округтері әкімін сайлауды ұйымдастырып өткізуге 2 сайлау учаскесі, учаскелік сайлау комиссияларының 12 мүшесі және аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі тартылған.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 1773 адамды құрайды.

Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:

Тіркелген 5 кандидат: 1 – қызметтегі ауылдық округ әкімі, 2 – мемлекеттік қызметші, 1 – азаматтық қызметші, 1 - жұмыссыз.

Кандидаттардың барлығы – ер адамдар.

Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.

Мамандықтар бөлінісі бойынша: заңгер – 4 (80,0%), мемлекеттік жергілікті басқару – 1 (20,0%)

       Кандидаттардың орта жасы - 39, ең жасы – 33 жаста, егделісі – 48 жаста.

Кандидаттардың барлығының ұлты қазақ.

  1. Сайлау бюллетеньдері сайлау округтеріндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскелеріне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
  2. Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның қаулысымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.

 

Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.

Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.

Дата публикации
02 июля 2022