2022 жылғы 3 шілдедегі жергілікті уақытпен сағат 07.00-де ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі дауыс беруге Шиелі ауданы бойынша 2 сайлау учаскесі: Алмалы ауылдық округіндегі №281 және Жиделіарық ауылдық округінің №299 сайлау учаскелері кірісті.
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 20.00-де ұсынылатын болады.