Шиелі аудандық сайлау комиссиясы Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеді
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 – бабының 9 тармағына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:
2022 жылғы 3 шілдеге тағайындалған сайлауда ауылдық округтер әкімдеріне кандидат болып тіркелді:
Алмалы ауылдық округі
Әбдікәрімов Өмірхан Әбдікәрімұлы – 1981 жылы туылған, қазақ, жұмыссыз, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Мусабаев Ансар Муратович – 1989 жылы туылған, қазақ, "Жөлек ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ, әлеуметтік саланы дамыту және жастар ісі жөніндегі бас маман, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Файзуллаев Омархан Нышанбекович – 1989 жылы туылған, қазақ, «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әскери есепке алу жөніндегі уақытша бас маман, Шиелі ауданы, Балаби ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, партияда жоқ.
Жиделіарық ауылдық округі
Абилдашев Ерлан Шазатович – 1974 жылы туылған, қазақ, «Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Нурильдаев Жандос Нурбаевич – 1983 жылы туылған, қазақ, «Шиелі ауданы әкімі аппараты» КММ, инспектор, Шиелі кентінде тұрады, өзін-өзі ұсынған, «AMANAT» партиясының мүшесі.