2022 жылғы 3 шілдеге тағайындалған Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда кандидаттарды тіркеу туралы хабар

2022 жылғы 3 шілдеге тағайындалған Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда кандидаттарды тіркеу туралы хабар

  1. Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтерінің әкіміне барлығы 7 кандидат, оның ішінде – 1 «AMANAT» партиясымен, 6 – өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
  2. 2022 жылдың 22 маусым, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 5 кандидат тіркелді, оның ішінде – 1 «AMANAT» партиясымен, 4 – өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылғандар.
  3. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.
  4. Арнайы тексеруге 7 кандидаттың құжаттары жолданды.
  5. Өзін-өзі ұсынған 2 кандидат біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты тіркелмеді.
  6. Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетендеріне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар жергілікті баспасөз БАҚ–нда және АСК интернет-парақшаларында орналастырылған.
  7. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссияларына өтініштер түскен жоқ.
Дата публикации
22 июня 2022