2022 жылғы 3 шілдеге тағайындалған Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтері әкімдерін сайлаудағы кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы
2022 жылғы 17 маусым күні, сағат 18:00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Шиелі ауданы бойынша Алмалы, Жиделіарық ауылдық округі әкімдеріне барлығы 7 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 1-і (14,2%) – саяси партиядан, 6-ы (85,8%)- өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2022 жылғы 22 маусым, сағат 18:00-де аяқталады.
Екі округтен үштен артық адам ұсынылған.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.