Шиелі ауданының Алмалы және Жиделіарық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

Шиелі ауданының Алмалы және

Жиделіарық ауылдық округтерінің әкімдерін

сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына сәйкес және 21-бабының  4-тармағының, 22-бабының негіздерінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шиелі ауданының Алмалы ауылдық округі шекарасында Алмалы ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округі және Жиделіарық ауылдық округі шекарасында Жиделіарық ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын.
  2. Шиелі ауданының Алмалы және Жиделіарық ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерінің тізімі олардың шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парағында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын. 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                       М. Дулатов 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                       Э. Бурабаева

 

03.06.2022 ж. 

АСК-03/97

Дата публикации
03 июня 2022