Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 3 маусымдағы      №АСК-03/97 қаулысымен Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауы жөніндегі осы ауылдық округтердің шекарасында сайлау округі құрылды.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 2-тармағына сәйкес және 113-1-бабының 1-тармағының  1) тармақшасы негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы  3 маусымдағы №АСК-03/98 қаулысымен Алмалы, Жиделіарық ауылдық округтері  әкімдерінің сайлауы 2022 жылғы 3 шілдеге (жексенбі) тағайындалды.

Алмалы, Жиделіарық  ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 4 маусымнан басталады және 2022 жылғы  17 маусымда, сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2022 жылғы  22 маусымда, сағат 18.00-де аяқталады.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №3, Бұдабай Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдениет үйінің ғимараты, байланыс телефоны: 4-32-30, электронды поштасы shieli.sailau@mail.kz.

        Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы:

Дулатов Молдабай Оразбекович – комиссия төрағасы

Палымбет Найла Әбілқасымқызы – комиссия төрағасының орынбасары

Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – комиссия хатшысы

                         Комиссия мүшелері:

Ермағамбетов Садық

Ахметов Әбдішәки Ауланбергенұлы

Бупежанов Талгат Уалиханович

Кенжесариев Серик Кадрияевич

Дата публикации
03 июня 2022