Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2022 жылы 29 мамырда Шиелі ауданында Ақтоған, Қоғалы ауылдық округтері бойынша ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау өткізілді.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының нәтижелерін анықтады:
Ақтоған ауылдық округінің әкімін сайлауға:
Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 654 азамат бар, олардың 532-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны –11, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 158.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Ахметов Е.С. – 297; Әлиев О.М. – 40; Сейдеметов А.А.– 26.
Қоғалы ауылдық округінің әкімін сайлауға:
Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 530 азамат бар, олардың 462-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 12, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 0.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Мамбетов.А.А– 170; Сейтов Г.М. – 280.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45, 113-11 баптарына сәйкес 2022 жылғы 30 мамырдағы АСК-03-01, АСК-03-02 шешімдерімен 2022 жылғы 29 мамырда сайланған Ақтоған, Қоғалы ауылдық округтері әкімдерін тіркеді:
Ақтоған ауылдық округінің әкімі болып сайланған Ахметов Ержанбек Сүйіндікұлы, 1973 жылы туылған, қазақ, «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Досбол датқа ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Қоғалы ауылдық округінің әкімі болып сайланған Сейтов Газиз Мухамедиярович, 1965 жылы туылған, қазақ, «Қоғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Тұрсынбай датқа ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясы