2022 жылғы 29 мамырда Шиелі ауданының Ақтоған, Қоғалы ауылдық округ әкімдерін сайлау өтті деп танылды.
Сайлау учаскелері бойынша 1184 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілді, оның 994-і (83,9%) дауыс беруге қатысты.
Әкімге үміткерлер саны – 5 адам.
2 сайлау округінің барлығында әкімдер сайланды.
Сайланған 2 әкім «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Ауылдық округтердің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хабарламалар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақтарына орналастырылды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.