«Керделі ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №18/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Керделі ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті

туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы

30 желтоқсандағы №18/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 109-1-бабы  және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының  6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Керделі ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы              №65/11 шешіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:

«1. Керделі ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті                    1,2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер – 408 263 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 1 652 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 3 76 639 мың теңге;

         2) шығындар – 412 390 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті)  -0;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) -0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары- 0.».

         Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

2.Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
30 марта 2022