Шиелі ауданы әкімдігінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен бекітілген
«Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
«Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыс кестесi: сенбi, жексенбi және , заңнама актiлерiмен белгiленген басқа демалыс және мереке күндерiнен бөлек, күн сайын дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 09.00-ден 19.00-ге дейiн (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейiн үзiлiс).
Егер «Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) аудандағы стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыру;
2) аудандық бюджет комиссиясы айқындайтын мерзiмдер мен күн тәртiбiне сәйкес бюджеттiк комиссияның отырыстарына материалдар дайындау;
3) бюджеттiк инвестициялар бойынша қорытындылар қалыптастыру, оларды облыстық бюджет комиссиясының қарауына жiберу, инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру;
4) аудан әкiмiнiң iс-қимыл бағдарламасын, оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және олардың орындалуын бақылау;
5) аймақтың даму бағдарламасын тиiстi мерзiмге әзiрлеу, бағдарламаның iс-шара жоспарын дайындау және мониторингiлеу;
6) ауданның инвестициялық саясаты стратегиясын әзiрлеу және оны iске асыру;
7) ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
8) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына мемлекеттік қызмет көрсету.
9) аудан бюджетiн қалыптастыру және оның атқару процесiн жетiлдiру;
10) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттiк сатып алу мониторингiн жүргiзу және есебiн алу;
11) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгiленген өзге мiндеттердi жүзеге асыруға мiндеттi.
1) аудандық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
2) аудан бюджетiнiң атқарылуына талдау жасау, аудан бюджетi жобасының негiзгi көрсеткiштерiн анықтау;
3) салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізу;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
5) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
6) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізеді;,
7) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды;
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
9) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі;
10) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалға (жалдауға), сенiмгерлiк басқаруға беру;
11) аудандық коммуналдық мүлiктiң пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
12) ауданның жергiлiктi атқарушы органы құрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
13) аудандық коммуналдық мүлiктi аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiп беру;
14) аудандық коммуналдық мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақшаны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына не акционерлiк қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешiм қабылдау;
15) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлiктi пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, мүлiктiк жалға (жалдауға), өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiмдер қабылдау;
16) коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен иесi жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлiктiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтеусiз өткiзiлген иесiз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердiң үлестерiн есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастыру;
17) сенiмгерлiкпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша мiндеттемелердi орындауын бақылауды жүзеге асыру;
18) аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асыру, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тарту, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу - сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
19) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, аудандық бюджетке түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асыру;
20) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негiзiнде бес жылға арналған аумақты дамыту бағдарламасын әзiрлеу;
21) орта мерзімге арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шара жоспарын әзірлеу;
22) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған, оның iшiнде бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамаға сәйкестiгiн қарау;
23) ауданның даму жоспарының нысаналы индикаторлардың орындалуына мониторинг жасау, ай сайын «Қызылорда облыстық экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне есеп беру;
24) ауданның бес жылға арналған кешенді даму жоспарын дайындау және орындалуына бақылау жасау;
25) мемлекеттік жекешелік әріптестік бойынша талдамалық есептер әзірлеп және орындалуы жөнінде ұсыныстарды беру;
26) үш жылға арналған аудандық бюджет және аудандар мен облыстық бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;
27) “Қоғамдық кеңестер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан бюджетінің жобасын талқылауды жүргізу;
28) аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органы функциясын іске асыру;
29) аудан бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;
30) аудандық бюджет комиссиясының аудан бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде аудан бюджетiнiң жобасын әзiрлейдi және оны аудан әкiмдiгiнiң қарауына ұсыну;
31) аудан бюджетi туралы аудандық мәслихат шешiмiн iске асыру туралы аудан әкiмдiгi қаулысының жобасын әзiрлеу;
32) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
33) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негiздемелерiн стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;
34) аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгiзу үшiн оң экономикалық қорытындының негiзiнде заңды тұлғаның қаржылық шығындары мен кiрiстерiн бағалауды қамтитын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестициялар бойынша қорытындыларды қалыптастыру;
35) жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен аудан әкiмiнiң iс-қимыл бағдарламасын және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi, олардың орындалуына мониторингтi жүзеге асырады және оларды түзету жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
36) салалық аймақтық бағдарламаларды әзiрлеудi үйлестiру және олардың iске асырылуына мониторинг жүргiзу;
37) бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi ретiнде бөлiмнiң қаржыландырудың жылдық жоспарларын әзiрлеу;
38) «Жобалық басқару» жобасының жұмысын үйлестіреді және «Ауыл ел бесігі» жобасының құжаттарын жинақтау;
39) «Amanat» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жол картасының орындалуын іске асыру;
40) тіректі елді мекендермен жұмыс жасау;
41) ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін заңдылыққа сәйкес құжаттарын қабылдап, аудан әкімдігінің қаулысын әзірлейді;
42) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4) аудан әкiмдiгiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
5) аудан бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарларын және аудан әкiмiнiң iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыруына бақылау жасауға;
6) аудан әкiмдiгiне аудан әкiмiнiң iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiнде iс-шаралар жоспарын түзету жөнiндегi ұсыныстар енгiзуге;
7) мемлекеттiк мекемелерден меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындар мен ұйымдардан өз құзырына кiретiн мәселелер бойынша белгiленген мерзiмде ақпарат сұратуға және алуға;
8) аудан бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерден жылдық қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi алуға;
9) құпиялық режимiнiң, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, аудан бюджетiнің атқару мәселелерiне қатысты құжаттамамен кедергiсiз танысуға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
11) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
13) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
14) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
15) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
1) бөлім басшысының орынбасарының, сектор меңгерушілері мен бөлiм қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiгiн белгiлейдi;
2) өз құзыреті шегінде бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;
3) бөлім актілеріне қол қояды;
4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
6) бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;
7) өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;
8) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
9) шарттар жасасады;
10) сенімхаттар береді;
11) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды.
12) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
«Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
«Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiктi Шиелі ауданының әкiмдiгi қайтарып алуға немесе өзi құрған заңды тұлғалар арасында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде басқа да түрлерi белгiленбесе, өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.