«Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Шиелі ауданы әкімдігінің

2022 жылғы «23» желтоқсандағы

№117 қаулысымен бекітілген

 

 

 

«Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ережесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды және жер қатынастарын реттеусаласындағы басшылықты жүзеге асыруға Шиелі ауданы әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің ведомстволары жоқ.
  3. Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120700, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов №6 А.

Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

  • дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
  • жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: (13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс)
  • сенбі, жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

 

  1. Мемлекеттік органның толық атауы: «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  2. Осы ереже Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
  4. Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі заңнамалық актілер мен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

Ереже
Дата публикации
24 апреля 2020