Шиелі ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «23» желтоқсандағы № 117 қаулысына
1-қосымша
«Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
«Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
«Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:
1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;
2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін.
Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс;
3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
Егер «Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты және азаматтық, қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
1) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама мен мониторинг жүргізу;
2) қоғамдық саяси және діни бірлестіктермен, саяси партиялармен
іс-қимылдар жүргізу;
3) қоғамдық байланыстар, бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөлу;
4) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
5) мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тілдердің қолдануы мен одан әрі дамытылуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
6) аудан әкімдігінің және аудан әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу.
1) аудандағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;
2) діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
3) ауданда терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді және әртүрлі идеологиялық бағыттарда іс-шаралар ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің тиісті мемлекеттік органдарда пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
5) аудан әкімдігі жанындағы «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес» отырысын (жылына екі рет) өткізеді, хаттамалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңнамасын бұзушыларға "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік шараларды қолданады;
7) аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық кеңестің жұмысын үйлестіреді;
8) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
9) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
10) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасайды;
11) аудандағы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мақсатында қажетті жұмыстарды ұйымдастырады және бақылайды;
12) аудан көлемінде мерзімді басылымдарға жазылу жұмыстарын үйлестіреді;
13) мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіру мақсатында ақпараттық түсіндіру топтарының жұмысын жоспарлап, үйлестіреді;
14) Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын үйлестіреді және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты қалыптастыру, этносаралық қатынастарды дамыту шараларын үйлестіреді;
15) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
16) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
18) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;
3) бөлім бұйрықтарына қол қояды;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) «Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қабылдайды;
7) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
8) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
9) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
10) шарттар жасасады;
11) сенімхаттар береді;
12) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
13) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
15) «Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.