Шиелі ауданындағы бірқатар учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің бос орнына конкурс
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының «Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін міндеттерінен босату туралы» 10 ақпан 2022 жылғы №АСК-03/77 қаулысымен Қаймақбаева Шолпан Райхановна, Қонысбаев Қанат Қонысбайұлы №268 «1 Май», Сегізбаев Тұрсынхан Үсенұлы, Теміров Әшімхан Тұрсынұлы №276 «Қызылқайың», Байдарбекова Гульмира Сантаевна №278 «Жақаев», Абызбекова Куралай Кирбаевна, Абдекова Бактыгул Балабековна №281 «Алмалы», Құдайбергенов Алмат Бағдаулетұлы №284 «Әл Фараби», Көпенова Күләйша Дүйсенқызы №287 «Әйтеке би», Апбасова Салима Төлесқызы №289 «Шәкәрім», Сыздық Гүлзира Сұлтанханқызы, Берікқара Заманбек Болатұлы №290 «Аманкелді», Төлегенова Шолпан Аманжолқызы №292 «Жайлыбаев», Жанжігіт Нағыметулла Сәрсенбайұлы, Садықбек Әбдірахман Ділмағанбетұлы №295 «Алғабас», Палмухамедова Кенжегүл Махмудқызы, Абдрахманов Ғалымжан Тұрсынұлы №301 «Ақмая» учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылған.
Шиелі аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес мүшесі шығарылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамын толықтыру үшін сайлау өткізуге конкурс жариялайды.
Конкурс мерзімі 14 ақпан 2022 жыл - 01 наурыз 2022 жыл. Конкурсқа мүшелері шығарылған учаскелік сайлау комиссияларында өкілдері жоқ саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және учаскелік сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау мекен жайы:
120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6 а. Аудандық мәслихат.
Байланыс телефоны 4-25-42
Аудандық мәслихат хатшысы: Т.Жағыпбаров.