Шиелі ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шиелі ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібін және мөлшерін, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Шиелі аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 4 қазандағы №29/16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6461 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат хатшысының міндетін уақытша атқарушы

 

Н. ӘМІР

 

Дата публикации
23 ноября 2021