Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 22 218 531,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 565 535 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 147 959 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 22 111 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 19 482 926,3 мың теңге;
2) шығындар – 23 687 249,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 288 384 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 424 424 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 136 040 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 757 101,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 757 101,8 мың теңге;
қарыздар түсімі – 1 303 282,4 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 144 903,1 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 598 722,5 мың теңге.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы |
|
Т. Жағыпбаров |